Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, бүгін аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Омарбеков 10 азаматқа сурдо-тифлотехникалық құралдар табыс етті. Жалпы Ордабасы ауданы бойынша 62 есту қабілеті төмен мүгедектерге бүгінгі таңда 5 ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметі көрсетіліп жатыр. Жыл басынан бері міндетті гигиеналық құралдарға 352 мүмкіндігі шектеулі жаннан өтініш түскен. Мұнан өзге, жүріп-тұруы қиын І топтағы 50 мүгедекке 41 жеке көмекші бекітілгенін де айта кеткен жөн. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы қыркүйек айындағы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңына сәйкес ашылған мүмкіншілігі шектеулі мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесіне 112 бала есепке алынып, олармен 22 әлеуметтік қызметкер жұмыс істеп жатқанын айтпай кетуге болмас. Қазіргі таңда, Түркістан аймақтық мүгедек балаларды оңалту орталығына 12 балаға жолдама беріліп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Ордабасы ауданында 862 гектар жер қорына қайтарылған
Ордабасы ауданында жер қатынастары саласындағы жұмыстарды іске асыруға және жер ресурстарын тиімді басқаруға бағытталған, сондай-ақ жер реформасын түсіндіру бойынша семинар өтті. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр ашып, мақсатын атап өтті. Облыс деңгейінде жер қатынастары саласындағы […]
Ордабасыда сенім сертификаты тапсырылды
Ордабасы ауданында үш жақты әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиынды аудан әкімі А.Мамытбеков ашып, жүргізді. Оңтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік инспекторының міндетін атқарушы Б.Нұрмаханов алдымен сөз алып, атқарылған жұмыс барысы […]
ОРДАБАСЫДА АРЫЗ ДА, ӨТІНІШ ТЕ, ҰСЫНЫС ТА ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ
Ордабасы ауданының әкімі Рашид Үсіпханұлы алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, бүгін тұрғындарды қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдады. Қараспан ауылының қариясы, зейнеткер-ұстаз Бектөре Оспанұлы аудан басшысының қызметіне сәттілік тілеп, өзінің «Ұлылар ұлағаты» кітабын сыйға тартты. Сонымен қатар, ел […]
Пікір қалдыру