Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалдының төрағалығымен «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру бойынша «Өңірлік үйлестіру кеңесінің» алғашқы отырысы өтті. Жиынға облыс және қала әкімдігінің мүшелері мен салаға жауапты басқарма басшылары, екінші деңгейлі банк өкілдері, құрылыс салушы компаниялар қатысты. Отырыста сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға шақырып, бүгінде құрылысын бастаған бірқатар компаниялардың ұсынған тұрғын үй жобаларына өзгерістер енгізу қажеттігін айтты. Аталған бағдарлама шеңберінде жеке құрылыс салушылар тарапынан ұсынысты ынталандыру мақсатында екінші деңгейдегі банктерге (ЕДБ) кредит беру көлемдерін кеңейту арқылы құрылыс компанияларын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету қаралған. Осы мақсатта жеке құрылыс салушыларға ЕДБ беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау құралы енгізіліп отыр. Мәселен, 2017 жылдан бастап республикалық бюджеттен жыл сайын кредит беру мөлшерлемесінің 7%-на дейін субсидия бөлінетін болады және ол «Даму КДҚ» АҚ қаржы агенттігі арқылы беріледі. Кредит беру үшін оң қорытынды алған Жеке құрылыс салушы бағдарламаға қатысушы ретінде «Өңірлік үйлестіру кеңесіне» (ӨҮК) өтініш жасайды. ӨҮК хаттамасының негізінде ЕДБ, жеке құрылыс салушы мен «Даму КДҚ» АҚ арасында үш жақты келісім жасалады, соның шеңберінде субсидия төлеу қамтамасыз етіледі. Бағдарламаның осы бағыты бойынша толық 3 жобаның құжаттары әзірленіп, ЕДБ-ден оң қорытындысын алған «Ақмойнақ» ЖШС-нің «Тұлпар» мөлтек ауданында 2 тұрғын үй жобасы және «Мерей-ЛТД» ЖШС-нің 1 жобасына берілетін несие сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға «Өңірлік үйлестіру кеңесінен» қолдау тапты.
Ұқсас жаңалықтар
Жетісайлық жастардың жұмысы жанданып келеді
Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Балмаржан Нарбекова және облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Береке Дүйсебеков іс-сапармен Мақтарал ауданына барды. Аудан әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында ауданның жастарымен кездесіп, аудандық «Жастар […]
Дихан Қамзабекұлы: ОҚО-да Еліміздің басқа аймақтарымен салыстырғанда жүйелі жұмыстардың жасалынып жатқанын байқауға болады
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жүзеге асырылуы барысында атқарылған жұмыстарға қаныққан Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық универсиеті ректорының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығы жайында сөз қозғады. Ол […]
ОҚО-да үздік әлеуметтік жоба анықталды
Астана қаласында өтетін «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» көрмесіне Оңтүстік Қазақстан облысынан «Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» атты әлеуметтік жобасы ұсынылады.Мүмкіндігі шектеулі және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың проблемаларына қоғамның назарын […]
Пікір қалдыру