Халқының саны миллионға жуықтап еліміздегі үшінші қалаға айналып келе жатқан Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 14-16 қарашасы аралығында «Ontustik Tourism. Invest 2017» атты халықаралық туристік, инвестициялық форум өтеді. Басқосу «Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы бойынша саяхат» фестивалі шеңберінде ұйымдастырылып отырғанын айта кеткен жөн. Осы тұрғыда бүгін бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт мәлім етті.«Шара аясында туристік аймақтарымызды паш ететін фотокөрме ұйымдастырылады. Форумға ҚХР Туризм бойынша вице-министрі, ҚР мәдениет және спорт вице-министрі, Туризм индустриясы комитетінің төрайымы, «Kazakh tourism» ұлттық компаниясының төрағасы, «Атамекен» ҰКП өкілдері, сонымент қатар, алыс және жақын шет мемлекеттердің туризм саласының кәсіби мамандары, туристік ұйымдар, инвестициялық компания өкілдері, жалпы 300-ге жуық адам қатысатын болады», — деді Батырхан Құрмансейіт.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-ға келетін туристер саны 55 пайызға артқан
Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіттің айтуынша, оңтүстікте өтетін «Ontustik Tourism. Invest 2017» атты фестиваль Алматы қаласында бастау алып, Жамбыл облысында жалғасын тауып отыр. Одан кейін Оңтүстік Қазақстан облысында аяқталатын […]
ОҚО-дағы «Юг Пром Сталь» кәсіпорны өнім көлемін 2 есеге ұлғайтуды көздеп отыр
Шымкенттегі құрылыс цехы жылына 4 мың тоннадан астам өнім өндіріп келеді. Кәсіпорында түрлі құбырлар, профильдер, металл тақтайшалар мен шатырлар шығарады. Шымкенттің бұдан басқа да құрылыс заттары ел аумағында үлкен сұранысқа ие. Бүгінде «Бизнестің жол картасы […]
ОҚО жастарының «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!», «Серпін-2050» бағдарламаларына қызығушылығы зор
«Қазақстан халқы Ассамблеясы» ОҚО филиалының ғимаратында облыс әкімдігінің басқарма басшылары, қоғамдық ұйым жетекшілері және табысты кәсіпкерлер мен өңіріміздегі 800-ден астам жастардың бейресми кездесуі өтті. Еркін форматта өткен жиында жастарды баспанамен қамту, жұмысқа орналастыру, бизнеске баулу, […]
Пікір қалдыру