ОҚО-ға келетін туристер саны 55 пайызға артқан

Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіттің айтуынша, оңтүстікте өтетін «Ontustik Tourism. Invest 2017» атты фестиваль Алматы қаласында бастау алып, Жамбыл облысында жалғасын тауып отыр. Одан кейін Оңтүстік Қазақстан облысында аяқталатын болады. Форумның негізгі мақсаты – өңіріміздегі туристік саланың дамуындағы өзекті мәселелер туралы пікір алмасу. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру, инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау екенін айта кету керек.Айта кететіні, форумға қытай елінің туристік ұйымдары аса қызығушылық танытып отыр. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысына биылғы жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша 128 мың турист келген екен. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 55 пайызға артып отыр. Яғни, өңір қонақтарының саны жыл санап көбейіп келеді. Басқосу нәтижесінде шет елдік компаниялармен бірқатар меморандумдарға қол қойылатын болады. Жалпы форум өңірдің туристік және инвестициялық имиджін қалыптастыруға оң әсерін тигізбек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*