ОҚО-да «Бойжеткен» бейнефильмінің премьерасы болды

 

ОҚО-дағы «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Бойжеткен» бейнефильмінің премьерасы өтті.Жалпы бейнефильм  студенттік өмірді көрсететін туынды, жастар арасында кездесетін көптеген қайшылықтар мен қиындықтарға бірден берілмей, оған қарсы күресуге шақырып, жастарға өмірлік тәлім-тәрбие беретін туынды.

«Бойжеткенде» түскен өнер шеберлері бұған дейінде бірталай картиналарда небір кейіпкерлерді сомдаған тәжибелі мамандар. Нақтырақ айтқанда, «Майдангерлер», «Hello ауыл», «Өмірдің өзі новелла — 1», «Өмірдің өзі новелла-2», «Жанұя» фильмдерінде басты және екінші рөлдерді сомдаған Оңтүстіктің актрисасы – Азиза Түлкібаева, «Өтелмес борыш», «Әпке», «Көке» телесериалы, «Жастық шақ», «Келін», «Тағдыр оққысы», «Майдангерлер», «Айти молодец», «Ерлік» фильмдерінде басты және екінші рөлдерді сомдаға актриса – Береке Спатова және Бағлан Жолдасов, Абай Әбдіұлы, Ұлан Мықтыбек, Нұрдос Насырла, Жүсіп Ақшора ойнайды.

Фильм жастар арасында суицидтің, ертежүктіліктің алдын алу және оңтүстіктің туризмін насихаттау бағытында мелодрама жанрында түсірілген. Фильмнің жалпы ұзақтығы 1:05 сағат.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*