ОҚО-ға тартылған инвестиция көлемі 180 миллиар теңгеден асқан

Биылғы жылдың алты айында Оңтүстік Қазақстан облысына тартылған инвестиция көлемі 180,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 33%-ке өскен. Сондай-ақ индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында облысымызда жалпы құны 208 млрд.теңгені құрайтын 162 жоба іске қосылып отыр. Бұл өз кезегінде 13,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.Бұдан бөлек, өңірде биылғы жылы 37,1 млрд. теңгенi құрайтын 17 жобаны іске қосу көзделсе, бүгінгі таңда құны 37 миллиард теңгені құрайтын 3 зауыт өз жұмысын бастап кетті.

«Жүзеге асқан жобаның бірі — Шымкент қаласындағы вафли өндіру фабрикасы. Мұнда жылына 1700 тонна өнім өндіру көзделіп отыр. Екінші жоба — «Азия агро» ЖШС-гі Отырар ауданында жүгері өңдеу ісін қолға алып отыр. Үшінші жоба — Созақ ауданында уран өндірісіне арналған полиэтилен шығаратын зауыт өз жұмысын бастап жіберді», — дейді облыстық кәсіпкерлік, индустриалды — инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*