ОҚО-да инвестиция тарту бойынша Шымкент қаласы, Отырар, Төлеби, Сарыағаш аудандары көш бастап тұр

Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы инвестицияға тартымды өңір болып табылады. Әзірге инвестиция тарту бойынша Шымкент қаласы, Отырар, Төлеби, Сарыағаш аудандары көш бастап тұрғанын айта кету керек.Инвесторлардың қызығушылық танытып отырған салалары фармацевтика және тоқыма өндірісі, жеңіл өнеркәсіп және ауыл шаруашылығындағы қайта өңдеу өнеркәсібі болып тұр.

Бұдан бөлек, машина жасау, туризм, «Ақылды қала» салалары бойынша ынтымақтастық орнату, тәжірибе алмасу мақсатында Германия, Ұлыбритания, Грузия, Испания, Италия, Түркия, Ресей және тағы басқа мемлекеттерге ресми сапарлар жоспарланып жатыр.  Мұндай шаралар өңіріміздің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, жаңа әріптестік қатынас орнатуға жол ашады.

  Осыдан 5 жыл бұрын өңірімізде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 120 мың болса, соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш көбейіп, 176 684-ке жетіп отыр.  Ал, осы салаға инвестиция тарту бойынша облысымыз республикада алдыңғы орынға шықты. Жалпы облыс экономикасына 2016 жылы 380,6 млрд.теңге инвестиция тартылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*