Оңтүстікте 215 мыңнан астам кәсіпкер бар

ОҚО әкімінің орынбасары Б.Жамалов, Түркістанда өткен семинарда өңірдегі қаржы ұйымдары мен екінші деңгейлі банктерге 2,6 млрд. теңгені облыс кәсіпкерлеріне жыл соңына дейін берілуі тиіс екендігін ескертті. Ал, егер қаржылық ұйымдар түрлі сылтаулармен  қойылған талаптарды орындамаған жағдайда, олар жалпы соманың 25 пайыздық үстемесімен айыппұл төлейтінін жеткізді.

Аталған барлық жағдайлар кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға, мемлекет қаржысының халық игілігіне жұмсалуы бағытында жасалып отыр. Жиынға қатысушылардың банк қызметіне қатысты айтқан ұсыныс-пікірлерін тыңдаған Б.Жамалов өзі және тиісті сала өкілдері тарапынан тұшымды жауаптар берді.
Банктер 14 пайыздық жеңілдікпен береді, ал бұл бағдарлама бойынша 6 пайыздық үстемемен «Даму» фондының кепілдемесімен беріледі. Облыс бойынша бүгінгі күнге 215 мыңнан астам кәсіпкер тіркелген, оның 177 мыңы белсенді жұмыс атқаруда.
Жиынды қорытындылаған Б.Жамалов бір айдан соң мемлекеттік несиенің тиімді пайдаланылғаны жөнінде осы семинардың нәтижесімен бірге талқылайтындығын мәлімдеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*