Түркістанда көшпелі семинар өтті

Түркістан қаласы әкімдігінде Оңтүстік Қазақстан облыстық Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының еңбек заңнамасының сақталуы жөніндегі көшпелі семинары болып өтті. Түрлі сала өкілдері бас қосқан алқалы жиынды қала әкімінің орынбасары Т.Мұсаев жүргізіп отырды. Оңтүстік Қазақстан облысы Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Алмасбек Мамытбеков бүгінгі жиынның үлкен маңызға ие екендігіне арнайы тоқталып, бүгінгі күнде өзі басшылық етіп отырған басқармаға келіп түскен арыз-шағымдардың мазмұны мен ауқымы, оларды шешу жолында кездесетін қиындықтар мен осындай келеңсіз жайлардың алдын алу үшін атқарылуы тиіс жұмыстар туралы өз ойларымен бөліскенін айта кеткен жөн.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекторы Қуандық Нұрғали Әбубәкірұлы, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Абуов Ахмет Шамұратұлы күн тәртібіндегі өзекті мәселе бойынша көлемді баяндама жасады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*