Вице-министр оңтүстікте жүр

Келесі жылы енгізілетін жаңа форматтағы әлеуметтік көмек көрсетуге дайындық барысымен танысу үшін өңірімізге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова келді. Облыстық әкімдікте өткен мәжілісте осынау мәселе жан-жақты талқыланды. Онда тиісті көмек көрсететін сала қызметкерлері мен мекемелердің әзірлігі пысықталды.

Алдағы жыл әлеуметтік сала қызметкерлері үшін сындарлы жыл болғалы тұр. Жаңартылған жүйеде ұсынылатын әлеуметтік көмектерді көрсетуге мамандар мен тиісті мекемелер сақадай сай болуы тиіс. Сала басшысының сөзінше, осынау көмекке мұқтаждар саны келесі жылы 300 мыңнан аспақ.  Олардың 74 мыңы шартсыз, 222 мыңы шартты әлеуметтік көмекпен қамту жоспарда бар.  Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы МұхитОтаршиев болса, осынау қызметтерді жүзеге асыру үшін тиісті дайындықтарды қалт жібермей қадағалап отырмыз, мамандардың біліктіктілігін де арттырып, халыққа түсіндіру жұмыстарын да мықтап қолға алдық дейді.
Айта кетейік, биыл күнгейде «Өрлеу» жобасын іске асыру үшін 22 мыңнан аса отбасы шартты ақшалай көмекпен және 27 мың тұрғынды жұмыспен қамту жоспарланған болатын. Егер былтыр облыстағы осынау жобаға қатысушылардың саны 26 пайызды құраса, биыл жоспарланған көрсеткіш едәуір артқан. Осынау пилоттық жобаны сәтті іске асырған әріптестеріне тәнті болған вице министр ханым бұл жолы да үлкен сенімін артты.
Атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен етене танысу үшін Светлана Жақыпова әлеуметтік мекемелерді аралып көрді. Бұл жуырда ғана ашылған Шымкенттегі №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қосымша 110 орындық ғимараты. Мұнда 18 жастан асқан психо-неврологиялық аурулары бар І және ІІ топтағы азаматтар арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етіледі.
Осылайша мекемелердегі жүйелі жұмыстарды көзбен көріп қайтқан вице министрдің 2018 жылы іске асатын жаңа форматтағы әлеуметтік көмектің көпшілік үшін қолжетімді болатынына көз жеткізіп қайтты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*