Ж.Түймебаев: Азық-түлік бағасын төмендетуде қоймаларды тиімді пайдалануымыз қажет

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Азық-түлік бағасын төмендетуде қоймаларды тиімді пайдалануымыз қажет. Оңтүстік Қазақстан облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында сараптама жұмыстары жүргізілуі тиіс. Ол үшін арнайы жоспар құрып, мониторинг жасалуы қажет. Екіншіден, өзімізде өндірілген тауарларды сақтау мәселесіне мән беруіміз керек. Бұл туралы селекторлық жиында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. Күн тәртібінде бірінші боп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен жанар-жағар май бағасын тұрақтандыру шаралары және тұрақтандыру қорының жұмысы талқыланды. Жыл басынан баға өзгерісіне әсер етуші факторлар ретінде АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 22,1 пайызға, дизель отынының 19,8 пайызға, коммуналдық тарифтер бойынша жылудың 12,2 пайызға, кәріздің 13,3 пайызға, судың 13,3 пайызға, электрэнергиясының 1,3 пайызға қымбаттауы себеп болып отыр. Ал, қазан айында бензин АИ-92 маркасының бағасы 11,4 пайызға, дизель отыны 6,9 пайызға өскен. Өңірдегі ахуалға қаныққан облыс әкімі қазан айындағы облыстағы инфляция деңгейі 6,1 пайызды құрағанын, оның ішінде азық-түлік тауарлары баға өсімі 4,3 пайызға, азық-түлік емес тауарлар 8,6 пайыз, ақылы қызметтер 5,8 пайызды құрағанына тоқталды.
Айта кетейік, баға тұрақтандыру мақсатында облыста арнайы штаб құрылып, тиісті іс-шара жоспары бекітілген. Жыл соңына дейін Шымкент қаласында 20 әлеуметтік дүкен ашылмақ. Сондай-ақ, Қажымұқан атындағы орталық стадион маңынан үлкен әлеуметтік базар құру мәселесі де қаралып жатыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*