Түркістан қаласы маңынан 6 000 гектар аумаққа азық-түлік белдеуі құрылады

Президентіміз Жолдауында: «Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек. Негізгі міндет — еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту», — деген болатын. Бұл жоспар бойынша Түркістан облысы аграрлық аймақ ретінде қалады және еліміздің ірі қалаларына ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізіп беретін азық-түлік базасы болмақ. Түркістан қаласы маңында 6 000 га аумаққа азық-түлік белдеуін құру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өңірдің экономикалық өсімінің негізгі драйверіне айналады деп күтіліп отыр.

Бұл мәселе тқңірегінде алдағы уақытта облыста орасан зор жұмыстар атқарылмақ. Нақтыра айтар болсақ, Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешенін дамыту келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

— ауыл шаруашылығы өнімдерінің алқабын 2017 жылмен салыстырғанда 55,2 мың гектарға ұлғайту (2018 жылы 826,3 мың га, 2025 жылы 881,5 мың гектарды құраған болатын);

— алдыңғы қатарлы технологияларды ендіру есебінен қарқынды бау алқабын көбейту;

— етті мал шаруашылығын, қой шаруашылығын дамыту.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*