Оңтүстікқазақстандықтарға 10 айда 16 млн қызмет көрсетілген

ОҚО-да 10 айда 7 млн қызмет электронды түрде көрсетілген

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылдың 10 айында 16 млн 400 мыңнан астам қызмет көрсетілсе, соның 7 миллионы электронды түрде ұсынылыпты. Бұл туралы әкімдіктің селекторлық отырысында облыс әкімінің аппарат басшысының орынбасары Қанат Төлендиев мәлім етті. Қазіргі таңда облыстық жергілікті атқарушы органдар тарапынан 192 қызмет түрі көрсетіледі. Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 7 027 180 қызмет электронды түрде көрсетіліпті. Бұл жалпы көрсетілген қызметтердің 42,8 пайызын құрап отыр.

«Көрсетілген қызметтердің 80 пайызы денсаулық сақтау саласына тиесілі және осы саладағы қызметтердің электронды үлесін арттыру елеулі өзгерістерге әкелетіні белгілі» , — деді облыс әкімінің аппарат басшысының орынбасары Қанат Төлендиев.

Сонымен қатар, соңғы 10 айдың қорытындысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 541 816 электронды қолтаңба берілген. Алайда электронды қызметтердің үлесі әлі де төмен. Себебі қызмет ұсынушы мемлекеттік органдар тарапынан электронды қызметтерді алу жолдары тұрғындарға өз деңгейінде насихатталмайды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*