«Нұр шаңырақ» студенттер театры ашылды

   Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті 80 жылдық мерейтойы қарсаңында студенттерге бірнеше тосын сый жасап үлгерді. Бір күнде бірнеше нысан ашылып, студентер игілігіне берілді. Олар: «Ұлттық мұра» студенттер мұражайы , әдебиет және сән орталықтары, сондай-ақ ашық спорт алаңшасы да бар. Бұл ғана емес, ұстаздар ұстаханасы Оңтүстік жас таланттардың шығармашылығын, дарын қуатын ұштауға, көпке танылуына жан-жақты жағдай жасап келеді. «Нұр шаңырақ» студенттер театрының ашылуы осының бір дәлелі.

    Театрдың шымылдығы актер, ақын, драматург Қанат Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» комедиясының сахналануымен ашылды. Режиссері – Мақсат Айтжанов. Мектеп қабырғасындағы махаббатқа негізделген қойылым көрермендердің алғашқы ғашықтық сезімдерін еске салды. Пьеса сюжеті сахналанғанда едәуір қысқарған. Алайда драматургтің негізгі идеясын сақтай отырып, жастарға құштарлық пен махаббаттың екі ұғым екенін жеткізгісі келгені сезіледі. 

Әзірге театрда небәрі 12 жас талантын шыңдап жүр. Бірақ университет продюссері Хадиша Фахриддинова айтуынша, «Нұр шаңырақтың» есігі баршаға ашық. Театрдың алғашқы жас таланттары алдағы уақытта өңіріміздегі жоғары оқу орындарына және басқа қалаларға гастрольдік сапарға шығуды жоспарлап отыр. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*