Төрткүлде атқарылған шаруа аз емес

Аудан әкімдігінің кезекті көшпелі актив мәжілісі Төрткөл ауыл округінде өтті. 14397 тұрғыны бар ауыл округінің жалпы жер көлемі — 22402 га. Оның 21178 гектары — ауыл шаруашылығы мақсатында, 10331 гектары — суармалы жер, 10847 гектары — жайылымдық. Төрткөл ауыл округінің әкімі Өтеміс Мұхтарханның мәлімдеуінше, төрткөлдік шаруалар биыл 4737 га. — мақта, 500 га. — бақша, 600 га. — көкөніс, 300 га. -күнбағыс, 30 га.- картоп, 1600 га. — жүгері, 300 га. бидай егіп, өнім алған.«Агроөнеркәсіп кешенін 2017-2020 жылдарға дамыту бағдарламасы» аясында 2017 жылы 300 гектарға тамшылатып және жаңбырлатып суғару әдісі енгізілген, 20 гектарға қарқынды бау егу жұмыстары басталған. 8 ауылшаруашылығы кооперациясы құрылып, 15 дана техника жаңартылған. «Алтын асық» бағдарламасымен — асыл тұқымды 52 қошқар, «Сыбаға» бағдарламасымен 12 ірі қара мал алынған. 2017 жылға 10-15 басқа арналған 35 мал бордақылау алаңдарын ашу жоспарланып, 36 мал бордақылау алаңы іске қосылды, жоспар 102 пайызға орындалды. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасымен 5 азамат 15 млн. 100 мың теңге несие алып кәсібін бастаған, 31 азамат өз қаражаты есебінен мал бордақылауда. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*