Төрткүл ауылының әкімі есеп берді

Ордабасы ауданындағы Төрткүл ауыл округі әкімінің есепті баяндамасынан соң аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Фатима Тәшімова, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Олжас Көпжасаров, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Мейрамбек Ақмұратов, аудандық тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуаныш Ысқақов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Арсен Ахметов салалары бойынша талдау жасап, ауыл округіндегі кенжелеген тірліктерге тоқталғанын айта кеткен жөн. Жиынның соңына қарай аудан басшысы тұрғындар тарапынан түсен өтініш-тілектерді тыңда, ауыл әкімінің жұмысына өз пікірін білдірді.

«Істің бітуі — оның ұйымдастырылуына байланысты. Міндетіңіз — елге қызмет ету. Сондықтан, бірінші кезекте елдің мұқтаждығын шешуге, сапалы жолмен, таза ауыз сумен, жарықпен қамтамасыз етуге кұш салыңыз. Атқарылған жұмыс бар, әйтсе де, атқарылатыны да аз емес», — деп Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов жиынды қортындылады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*