Ордабасыда сала басшылары аудан әкіміне есеп берді

Ордабасы ауданы әкімдігінің кеңейтілген кезекті мәжілісі өтті. Жиналысты аудан әкімі Рашид Қайыпжанов ашып, жүргізді. Күн тәртібіне сәйкес, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Құрманәлі Жылқыбай — бөлімнің атқарған жұмыстары туралы, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Мейрамбек Ақмұратов — аудандық жер учаскесіне құқық беру комиссиясының атқарған жұмыстары туралы, аудан әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы Берік Алтынбеков — сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы баяндама жасады.Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін қоса атқарушы Ғалымжан Оспанқұл —
«Темірлан аббатандыру» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы, «Темірлан серсив» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Болат Әлішев — Қажымұқан ауыл округі, Темірлан елді мекенінде орналасқан 14 екі пәтерлі коммуналдық- тұрғын үйлердің құрылысын және олардың инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің құрылысын теңгерімнен теңгерімге беру туралы, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Лесбек Ақберді — Ордабасы аудандық әкімдігінің 30.09.2016 жылғы «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою комиссиясын құру туралы» №344 қаулысына өзгерістер енгізу туралы, аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Батыр Дүйсембаев — аудандық коммуналдық меншіктегі ағын су каналдарын теңгерімнен теңгерімге беру туралы; ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші тұлғаларға жер бөлу туралы ұсыныстарын әкімдік мүшелерінің қарауына ұсынды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*