Ағаш егу жұмыстары атқарылып жатыр

2017 жылы Шымкент қаласы аумағындағы көшелер бойына, шатқалдарға, саябақтар мен гүлзарларға көктем маусымдарында 32 878 дана қылқан және жай жапырақты ағаш көшеттері мен көпжылдық бұтақшалар (емен, айлант, үйеңкі, шаған, боз арша, сәмбі тал, аққайың, қырым қарағайы, қарағаш, легуструм, раушан гүл т.б.)отырғызылды Сонымен қатар, күз маусымында, яғни, білім және спорт, денсаулық сақтау, елді-мекендерді қосатын жол бойларына, қала көшелеріне және саябақтар мен гүлзарларға, шатқалдарға барлығы 109 240 дана ағаш көшеттер отырғызылуы жоспарланып, бүгінгі таңда ОҚО табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасына қарасты «Жасыл желек» ММ-нен 87420 дана (катальпа, қарағаш, жай арша, шаған, акация, терек, үйеңкі, емен, т.б.) ағаш көшеттері өтемсіз ұсынылып, ағаш егу жұмыстары атқарылуда.

Сондай-ақ «ЛТД тұрмыс» серіктестігінің мамандары биыл Өтегенов көшесінің бойына қарағай отырғызуды бастады. Жоспар бойынша мұнда 1200 көшет егілуі тиіс.Бүгінге дейін 800-ден астам көшет отырғызылған. Сала мамандарының айтуынша, көшеттердің биіктігі 2,5 метр және оңтүстіктің ауа райына бейімделген. Бұдан бөлек Арғынбеков көшесінде өткен жылы отырғызылып, жерсінбей қалған 400 қырым қарағайының орнына көшет қайта егілген.

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*