Ж.Түймебаев: Үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік кәсіпкерлікті арттыруға күш салуы тиіс

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының  әкімі Ж. Түймебаев  өңірдегі  қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, алқалы жиын өткізді. Жиынға облыс, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары,  облыстық басқарма, бизнес-құрылым және коммерциялық ұйымдар басшылары, аудан, қалалардағы үкіметтік емес ұйым басшылары мен облыстық қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.  Жиынды Оңтүстік Қазақстан облысының  әкімі Ж. Түймебаев  жүргізіп отырды.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков  облыстағы қоғамдық бірлестіктердің қызметі туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, қазіргі таңда өңірімізде 1268  қоғамдық ұйым тіркелген. Оның 558-і үкіметтік емес ұйым болса, 174-і белсенді үкіметтік емес ұйым саналады.  Облыста үкіметтік емес ұйымдар қолдау мақсатында жыл сайын қаржыландыру көлемі артып келеді. Нәтижесінде өңірімізде 200-ге жуық  жоба жүзеге асырылуда. «Алайда кейбір салалар бойынша жүйелі жұмыс жеткіліксіз. Атап айтар болсам, дін саласындағы түсіндіру және насихат, мемлекеттік жастар саясаты, суицид мәселесі, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік, этносаралық ынтымақ, білім саласындағы жемқорлық, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелерінде үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі әлі де болса төмен» — деді Ұласбек Сәдібеков.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*