Шардарада компрессорлық газ станциясы іске қосылды

Шардара ауданының тұрғындары сапалы көгілдір отынмен қамтылатын болды. Оған себеп, Қазақстан-Қытай газ құбырының «С» тармағында жаңа компрессорлық станция жұмысын бастады. Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» еліміздің Тұңғыш Президенті күні қарсаңында су жаңа нысанды пайдалануға беріп отыр. Шардара ауданы Көксу кентіне таяу жерде орналасқан нысан магистральды газ құбырының жоспарланған 8 станциясының бірі болып табылады. Инвестициялық жобаны салу мен одан әрі пайдалануды үш бірдей кәсіпорын іске асырған.

Газ инфрақұрылымының жаңа нысаны газ құбырының өнімділігін арттыруға, газ тасымалдау көлемін жылына 25 млрд текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді дейді мамандар. Әрі тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн үздіксіз тасымалдау процесінің барынша тиімділігін қамтамасыз етеді.

Бұл құбыр 4 бірдей мемлекетті – атап айтқанда Қазақстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Қытайды байланыстыратын өткізу қабілеттілігі мен ұзындығы бойынша алпауыт Орталық Азия — Қытай трансұлттық газ құбырының құрамдас бөлігі болып табылады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*