Отырарда үнемделген бюджет қаржысына екі ауылды газдандыру жұмыстары жүргізілмек

Отырар ауданында алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс он сегізінші сессиясы өтіп оның жұмысын сессия төрағасы, депутат Сәкен Кішібай ашып, жүргізіп отырды.
Сессияның қарауына аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 22 желтоқсандағы №8/40-VI «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралғанын айта кеткен жөн.

Сонымен қатар, күн тәртібіндегі мәселелер аудандық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, депутат Ә.Құртаевтың төрағалық етуімен өткен тұрақты комиссияда әбден пысықталып, жан-жақты талқыланды. Әсіресе, үнемделген қаражаттар есебінен Темір, Шәуілдір ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз ету бағытында құрылыс жұмыстарын бастауға мүмкіндік туындауы қабылданған шешімдердің ішіндегі ең маңыздысы болғанын айтпасқа болмас.
Сессияға қатысқан Отырар ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ә.Жүнісов бюджеттегі өзгерістерге байланысты халық қалаулыларының сауалдарына нақты жауаптар берді.
Сессияда күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттар бірауыздан шешім қабылдады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*