Оңтүстікте 2021 жылы халықтың 95,5 пайызы газбен қамтылады

Оңтүстік Қазақстан облысында 2021 жылға қарай халықтың 95,5 пайызы газбен қамтылады деп күтіліп отыр. Бұл меже 2017-2021 жылдарға арналған облыстың елді мекендерін газдандырудың жоспары негізінде жүзеге асады. Бүгін бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кезекті мәжілісте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы мәлім етті. «Жалпы облыс халқы жылына 1,1 млрд.м3 табиғи газ тұтынады. Оның 840 млн.м3 қыс маусымында, ал 293 млн.м3 жаз маусымында. Біздің өңір табиғи газбен 3 бағыт арқылы қамтамасыз етіледі. Олар: Өзбекстан Республикасының «Газли-Шымкент» және «БГР-ТБА» магистралды газ құбырлары, отандық «Бейнеу-Бозай-Ақбұлақ» магистралды газ құбыры, Түркменстан Республикасының «Қазақстан-Қытай» транзиттік магистралды газ құбырлары», — деді Марғұлан Зұлхарнайұлы.

Одан бөлек, басқарма басшысы Шымкент қаласы аумағында 509 нысан газ құбырларын қорғау аймағы шегін бұзып орналасқандығын жеткізді. Бұл өз кезегінде сол маңда орналасқан ғимараттар мен тұрғындардың өміріне елеулі қауіп туғызып отырғанын айта кеткен жөн.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*