Созақта мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Қазіргі таңда, Елбасының тапсырмасына сәйкес бүгінгі таңда Созақ ауданының тұрғындары 47 мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп отыр.Тоқтар Тәжібеков – мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алып, мал шаруашылығымен айналысып жүрген кәсіпкерлердің бірі. Оның «Құрманәлі» шаруа қожалығында 1530 қой бар. Қазір қойдың қазақы және қылшық жүнді түрлерін будандастырып, бір қойдан 80 келі ет алып отыр. Алдағы уақытта ұсақ малды шетелге экспорттауды мақсат еткен. 2016 жылы ауданнан 2688 ұсақ мал Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортқа шығарылған болатын. Биылғы жылы нарыққа 10 мыңнан аса мал сату жоспарланған.

» Созақ жері мал асырауға өте қолайлы. Ал табиғи, құнарлы шөптерді жеп өскен малдардың еті де жақсы болады. Сондықтан да шетелге экспорттауға тиімді. Осыны ескеріп алғашқыда «Созақ несиеден» 3 миллион алып, жүз шақты қой асырай бастадық. Кейіннен басқа да малдарға біртіндеп көштік. Қазір мемлекет кәсіп бастаймын деген азаматтарға көп мүмкіндік беріп отыр. Жалпы өкіметтен 10 миллион теңге көлемінде субсидия алдым», – дейді «Құрманәлі» шаруа қожалығының басшысы Тоқтар Тәжібеков.

Үш отбасы жұмысқа тартылған шаруа қожалықта қойдан бөлек 61 сиыр, 121 бас жылқы және 345 түйе бар. Сүт пен қымызды қоспағанның өзінде кооперативке күніне 30 литрден 100 литрға дейін қымыран тапсырады. Ал бұл өткізілген түйе сүтін қабылдап, оны өңдейтін «Аруана» өндірістік кооперативі Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауыл округінде орналасқан.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*