Мақтаралда кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді

Мақтарал ауданының әкімі аппаратында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен қаржы ұйымдары 2017 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Жиынға аудан әкімі Ғ.Исмаилов, аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков қатысты.

Алғаш болып сөз алған аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Д.Толыбаев «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында Мақтарал индустриялдық аймағында жүзеге асқан және жоспарланған жобалар туралы баяндады. 2015 жылы іске қосылған «Береке» мақта зауытының жұмысы жайлы айта келіп индустриалды аймақта келер жылы сыртқы инвестицияның есебінен іске қосылатын «Soldatos» асфалт бетон зауыты (құны 1 млн АҚШ доллары), «Компания KADI»-дың күн электр стансасы (құны 2,5 млрд теңге), голландиялық «VTK Investments B.V» компаниясының күн электр стансасы, сондай-ақ ішкі инвестицияның есебінен салы өңдеу зауыты, гигеналық заттар өндірісі, полиэтилен өндіріс зауыттарының жобалары туралы айтып өтті.

«Қазірдің өзінде Мақтарал-Шардара аудандарының арасына жол салып жатқан «Soldatos» асфалт бетон зауыты жұмысын аяқтағаннан соң индустриялды аймаққа көшірілетін болады» — деді Д.Толыбаев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*