Сайрамда 75190 адам экономикалық тұрғыда белсенді

Оңтүстік Қазақстан облыстық статистика басқармасының берген мәліметіне сәйкес, 2017 жылдың 1-ші қазанына дейін Сайрам ауданы халқының саны 205 539 адамды құрады. Сонымен қатар, жалпы халықтың 75190 адамы (2016 жылы 88,4 мың адам) экономикалық тұрғыдан белсенді болып табылады екен. Айта кету керек, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 71276 адам болса, жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызға (облыста 5,3 пайыз) жетіп отыр.

Мұнан өзге, 2017 жылдың 10 айында жұмыспен қамту орталығына 6777 азамат өтініш білдірген екен. Оның ішінде:

— өздігінше жұмыспен қамтылғандар – жылдық жоспар — 1750, нақты 10 айда- 2171, жоспар – 124,0 пайызға орындалған.

— жұмыссыздар – жылдық жоспар — 1452, нақты 10 айда –1705, жылдық жоспар – 117 пайызға орындалған.

— жұмыс іздеушілер –жылдық жоспар – 1306, нақты 10 айда – 1707, жылдық жоспар 130,0 пайызға орындалған.

Сонымен қатар, арнайы мемлекеттік бағдарлама арқылы кәсіби оқыту- жылдық жоспар – 129 қыркүйек айында жолдананып отыр. Яғни, қысқа мерзімді кәсіптік оқу- жылдық жоспар -915 адамды жіберу тапсырылса, бүгінде 10 айдың ішінде бұл міндет толығымен орындалып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*