Қ.А. ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ ТУРИЗМГЕ ТАРТЫМДЫ ӘЛЕМДІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласының символына айналған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі туристер үшін ерекше тартымды нысандардың бүкіләлемдік тізіміне кірді. Бұл туралы «КӨНЕ ТҮРКІСТАН  – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» атты Халықаралық инвестициялық жəне туристік форумда белгілі болды. Жиында Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Владимир Пискурев мәлімдеме жасап, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевқа мәртебелі сертификатты салтанатты түрде тапсырғанын айта кету қажет.

«Бүгінгі күнді түркістандықтар үшін қуанышты сәт деп айтуға болады. Себебі, туризмнің тартымдылығы мен тұрақты туризмді дамыту жөніндегі халықаралық комитетінде осы облыстағы үш бірдей тарихи нысанға халықаралық деңгейдегі мәртебе беріліп отыр.Бұл оңай болған жоқ. Мұндай қорытынды шығару үшін мыңдаған адамның арасында сауалнама жүргізіледі. Аталған нысандар комитеттегі барлық мемлекеттер тарапынан қолдауға ие болды. Осы ретте айта кетерлігі, бұрын-соңды бір өңірден құндылығы жоғары мұндай бірнеше тарихи орын шықпаған», – деді Владимир Пискурев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*