Түркістанда 12 азамат қаланың дамуына сіңірген еңбегі үшін төсбелгілерімен марапатталды

Түркістанда «Қала күні» орай өткен салтанатты шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтады. Өңір басшысы қаланың облыс орталығы мәртебесін алуымен, тарихи шаһар жаңа сипатта дами түскенін айрықша атап өтті.
Сонымен қатар, мерекелік жиында облыс әкімі қаланың экономикалық дамуына үлес қосып келе жатқан 11 адамға Түркістан қаласының «Құрметті азаматы», 12 адамға Түркістан қаласының дамуына сіңірген еңбегі үшін төсбелгілерімен марапаттады. Сондай-ақ, өңіріміздің танымал өнерпаздары жиналған көпшілікке ән мен жырдан шашу шашты.
Салтанатты шараға халықаралық түркі әлемінің форумына келген Түркия, Үндістан, Өзбекстан, Болгария, Иран, Ресей, Дағыстан елдерінің әдебиетшілері мен ақын-жазушылары «Қала күніне» арналған мерекелік шарасына арнайы қатысты. Айтулы шарадан соң, өңір басшысы мәртебелі меймандарды жеке қабылдап, түбі бір тарихы ортақ бауырлас елдер арасындағы ғылым мен мәдениет саласындағы өзара байланыстарды нығайту жайында пікір алмасты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*