ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАСҚАРМА БАСШЫЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен Үсіпәлиев Тоқтар Оразұлы құрылыс басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Сонымен қатар, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының тізгінін Бадырақов Нұрбек Бақтыбайұлы ұстады.

Жаңа басшыларды ұжымдарына таныстырған Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нүкенов оларға сәттілік тілеп, бірқатар тапсырмалар берді.

Тоқтар Оразұлы Үсіпәлиев 1972 жылы 22 қазанда Шымкент облысы Сайрам ауданы Самсоновка ауылында дүниеге келген.
1990-1996 жылдары Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында құрылыстағы экономика және басқару мамандығы бойынша инженер-экономист, 2003-2006 жылдары Орталық Азия университетінде газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану мамандығы бойынша инженер біліктілігін алып шыққан.
Еңбек жолын 1997 жылы Сәулет және қала құрылысы басқармасының жобалау бойынша инспекторы болып бастаған. Әр түрлі жылдары бірқатар басшылық қызметтерді атқарды. Мәселен, 2012-2013 жылдары Болат Нұржанов атындағы «Екібастұз СЭС-1″ ЖШС тексеру комиссиясының мүшесі, 2013-2014 жылдары«КазМТОГрупп» ЖШС директордың орынбасары, 2014-2016 жылдары «Тау-Кен Самурык» Ұлттық Тау-кен компаниясы» АҚ Ұйымдастыруды қамтамасыз ету департаментінің директоры, 2016-2018 жылдары Түркістан облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.

Нұрбек Бадырақов Бақтыбайұлы 1988 жылдың 11 маусым күні Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында дүние келген.

2009 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің су ресурстары және суды пайдалану бакалавры мамандығы бойынша дипломын алды. 2011 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітіріп ауыл шаруашылық ғылымдарының магистрі мамандығын алды. 2012 жылы Қазақстан Халықтар Достығы университетін бітіріп құқық бакалавры мамандығын алды.

Ауыл шаруашылығы саласында тәжірибесі мол маман осыған дейін басқарма басшысының орынбасары болып істеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*