Маяқұмда Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті

Отырар ауданында Қоғамдық кеңестің кезекті көшпелі отырысы Маяқұм ауылында өтті. Кеңес отырысында ауданымыздың орталығына шалғай орналасқан Аққұм, Көксарай, Маяқұм, Балтакөл ауыл округі әкімдерінің 2018 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы есептері тыңдалды.
Көшпелі отырыста алғаш болып Аққұм ауыл округінің әкімі Серік Әлшері есепті баяндамасын жасады. Баяндамада ауыл округінің шаруалары су тапшылығына қарамастан 4301 гектар жерге түрлі дақылдар еккенін жеткізді. Мал басының саны жыл санап артып отырған округте мал азығын дайындау ісі де жоғары деңгейде жүргізіліп, 109,3 пайызға артығымен орындалғанын айтты.
Сырдың арғы бетіндегі халқы ең тығыз қоныстанған Көксарай ауыл округінде мал басының барлық түрінен өсім көрсетіп, «Сыбаға» — 100 пайыз, «Құлан» — 105 пайыз, «Алтын асық» 101 пайызға артығымен орындалған. Ауыл әкімі Әбдірахмен Мәуленқұл округте былтырғымен салыстырғанда егіс көлемін 793 гектарға ұлғайтып, «Құдайберген» каналына 2 дана насос қою арқылы 400 гектар суармалы жерді ағын сумен қамтамасыз етуге қол жеткізгенін баяндады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*