Балтакөл ауылының әкімі Қоғамдық кеңес алдында есеп берді

Маяқұм ауылында өткен Қоғамдық келісімнің кезекті отырысында Балтакөл ауыл округінің әкімі Жасұзақ Тәукебаев салық түсімдерінің барлық түрлерінен жоспарды артығымен орындағанын, өткен жылмен салыстырғанда 366 гектар суармалы жерді айналымға енгізіп, егіс көлемі 110,3 пайызға артығымен орындағанын баяндады. Ауыл округінің әкімі Балтакөлде 5 тары цехының тоқтаусыз жұмыс істеп тұрғандығын жеткізді. Сонымен қатар, ауыл округінде абаттандыру жұмыстары да қызу қолға алынып, нәтижесінде «Шатқал» іс-шаралар жоспарына сәйкес 12 гектар жерге 5040 түп түрлі көшеттер отырғызылғандығын, алдағы күндері қосымша 3 гектар жерге де ағаш көшеттері отырғызылатындығын атап өтті.
Кеңес отырысында соңғы болып есеп берген Маяқұм ауыл округінің әкімі Берікбай Иманов округте жоспарға сәйкес жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде біршама жетістіктерге қол жеткізгенін ерекше айтты. Атап айтқанда, биыл 3140 гектар жерге түрен салынып, түрлі дақылдар егілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 113 пайызға артық. Сонымен қатар, Маяқұм ауылынан шыққан 9 Социалистік Еңбек Ері, 186 ҰОС қатысушылар мен тылда еңбек еткендерге, ауылдан шыққан ақындар және қоғам қайраткерлерінің құрметіне «Ардагерлер» саябағы салынған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*