Сарыағашта құқық қорғау органдарының келелі кеңесі өтті

Сарыағаш ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі мен аудан прокурорының төрағалығымен ағымдағы жылдың 9 айында қылмыстық жағдай мен олардың алдын алу бойынша іс-шаралар туралы мекемеаралық жиналыс өткізілді.
Айта кету керек, аталған жиналысқа ауданның барлық мүдделі мемлекеттік органдар және мемлекеттік емес ұйымдар қатысты. Себебі, бүгінде Сарыағаштағы құқық бұзушылықты болырмау. күресу өте маңызды мәселелердің бірі
Сонымен қатар, мекемеараралық жиналыста қылмыстылықпен, оның ішінде жекелеген түрлері, яғни ұрлық, алаяқтық, бұзақылық, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар және сол сияқты басқа теріс көріністермен күресу, алдын алу және болдырмау жолдары талқыланды. Жиналыстың маңыздылығы, халықтың қауіпсіздігі мен оларға деген қолсұғушылыққа жол бермеу, кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау құқық қорғау органдары үшін негізгі міндеттердің бірі екендігімен сипатталады айта кету қажет. Жиналыстың қорытындысымен құқық қорғау органдары мен құзырлы органдарға тиісінше тапсырмалар беріліп, іс-шаралар жоспары бекітілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*