Сарыағашта әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің төл мерекесі атап өтілді

Сарыағаш ауданында Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні атап өтілді. Аталмыш мерекеге аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Алмат Суюбаев қатысты.
Лауазым иесі, өзінің алғы сөзінде бұл мереке — өмірін мұқтаж жандарға көмек көрсететін жандарға арналған. Сіздердің жұмыстарыңыз күрделі және жауапкершілігі мол. Оған қоса бұл қызметте аса шыдамдылық, білім, тәжірибе және ерекше дағды қажет. Бұл мамандық көпшілігіңіз үшін өмірлік кәсіпке айналды. Қазіргі таңда аға буын өкілдеріне, әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға ұдайы қамқорлық танытып келетін қызметкерлерге Елбасының көрсетіп отырған орасан құрметі деп білеміз. Сол себепті осынау зор үмітті ақтау – біз үшін үлкен жауапкершілік», — деп атап өтті Алмат Суюбаев.
Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Алмат Суюбаев пен аудандық мәслихат аппараты басшысы О.Жанысбек бірқатар әлеуметтік жұмыскерлерді мақтау қағаздарымен және Алғыс хаттарымен марапаттады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*