Сарыағашта грек жаңғағының 11 түрі өсіріледі

Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш жер сиы» ЖШС-нің аумағында «Грек жаңғағы плантациялардағы жүргізілетін күздік жұмыстар» тақырыбындағы ғылыми практикалық семинар өтті, деп хабарлайды Күнгей.kz ақпарат агенттігі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семинарға Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы С.Н.Олейченко қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. Семинардың мақсаты — жаңғақ өнімдерін жаңа түрлерін облысымызда өсіруге жағдай жасау, баптау әдістерін халыққа түсіндіру. Қазіргі таңда елімізде жаңғақтың 180 түрі өсіріледі. Ал «Сарыағаш жер сиы» ЖШС грек жаңғағының 11 түрі өсіріліп, өнімін алуда. «Сарыағаш жер сиы» ЖШС бау-бақшасының көлемі қазіргі таңда 96 га, тамшылатып суғару бойынша 75 га құрап отыр. Онда 700 000 түп жүзім, 300 000 түп жеміс-жидек ағашы өсірілуде.

Бүгінде елімізде кәсіпкерлікті дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалып келеді. Елбасы Н. Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасында» шағын және орта бизнеске дем беріп, жаңадан бизнес бастағандарға қолдау көрсету үшін жеңілдетілген шағын несие көлемін арттыруды айтқан болатын.

Еске сала кетсек, Президенттің бес әлеуметтік бастамасының бірі «Шағын несие беруді көбейту» деп аталады. Онда өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындар арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін жеңілдетілген шағын несие беріледі.

2018 жылы Елбасы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды. Нәтижесінде шағын несие алатындардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 14 мың адамға жететін болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*