Төлеби ауданында ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің «Алтын күз» мерекесі өтті

Төлеби ауданындағы Орталық алаңда ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, ауылшаруашылығының (асыл тұқымды мал шаруашылғы, ауыл шаруашылық техникасы) көрмесі бастау алды, деп хабарлайды Күнгей.kz ақпарат агенттігі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерекелік бағдарлама әр округ жеке-жеке тақырыпқа сай, үстінде округте өндірілген өнімдердің көрмесімен безендірілген жүк көлікпен және ауылшаруашылық озаттары бастаған сала мамандарының, «Төлеби су шаруашылғы» МКК қызметкерлерінің және ветеринария бөлімі, «Төлеби ауданының ветеренариялық қызметі» МКК арнайы киіммен, техникасымен мерекелік шеруінен басталды.
Сахна төріне Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков Бақытұлы шығып мерекелік құттықтау сөздерін айтты. Егін шаруашылығы бойынша астық егіп үздік көрсеткіштерге қол жеткізгендер, жаңадан құрылған ауыл шаурашылығы өндірістік кооперативтері, қымыз бағытында және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын шаруа қожалықтары аудан әкімінің мараппатауына және сыйлықтарға ие болды.
Етті тауық шаруашылығын дамыту бағытында жұмыс жасап жатқан шаруашылықтар, көкөніс, жеміс –жидек және ет өнімдерін қайта өңдеу бағытында қызмет ететін кәсіпкерлер, Жеміс-жидек, жүзім және көкөніс егіп, үздік көрсеткіштерге қол жеткізген, ауыл шаруашылығы саласына жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін Аудан әкімінің алғыс хатымен аудандық мәслихатының хатшысы Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлы марапаттады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*