Төлебиде аудандық бюджет мәселесі талқыланды

Төлеби ауданы әкімдігінің ғимаратында әкімдік жиналыс өтті. Әкімдік мәжілісті аудан әкімі Омарбеков Бауыржан Бақытұлы ашып жүргізіп отырды. Жиынға аудандық мәслихаттың хатшысы Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлы, аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы, қала, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның тиісті мекеме басшылары шақырылған.
Айта кету керек, мәжілістің күн тәртібінде екі мәселе қаралды.
1. Төлеби ауданының 2018 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша аудан бюджетінің атқарылуы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы – Ашрапов Мансурбек Жаналиұлы баяндады
Сонымен қатар, қала және ауылдық окургтердің бюджетіне түсетін салықтары, Жеке тұлғалардың табыс, мүлік, жер салығы, Заңды тұлғалардың көлік, жер салығы туралы слайдпен көрсетіп, жеке тоқталды.
2. Күзгі маусымдық жедел респираторлық вирустық инфекциясының және тұмау ауруларының алдын алу жұмыстарының барысы туралы аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Ибраева Меңзада Сәлімгерейқызы баяндама жасады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*