Президентікке үміткер Қасым Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшесі Бекарыс Шойбеков бүгін Кентау қаласында болып, сайлауға қатысу құқығына ие ветеринария саласының қызметкерлерімен кездесті деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Басты мақсат кандидаттың сайлауалды бағдарламасын жиылғандарға кеңінен насихаттап, түсіндіру. Кездесудің мән маңызына тоқталған модератор Сағынбек Асылбеков жиынды ашып, жүргізіп отырды. Спикер Бекарыс Ақсақалұлы сенімді өкіл ретінде бағдарламада көзделген басым бағыттарға тоқталып,нақты мысалдар арқылы түсіндіріп берді. «Нағыз айқын, елдің болашағына жарқын жол салар, өміршең бағдарламаны Қ.Кемелұлы жүзеге асырғалы отырғандығын атап өтті. 9-шы маусым күні өтетін сайлауда Тоқаевты қолдап, дауыс беруге шақырды.
Соңғы кезде Кентау қаласы қарқынды түрде дамып келеді. Оған қалада жүзеге асырылып жатқан шаралар дәлел. Мұның барлығы дерлік Елбасының жүргізіп келген саясатының арқасында жүзеге асырылды. Тоқаев өз сөзінде осы жолды әрмен қарай жалғастыратынын айтқан еді. Демек, сайлауда осы кісіні қолдап, дауыс берсек көрікті шаһарымыз сәулеті артқан қалаға айналатыны сөзсіз. Осылай деген Мейрамбек Күнпейісов қаламызды дамыту үшін алда атқарылар тірліктің көп екендігіне тоқталды.
Жиынға қатысушылар ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың бағдарламасы көңілдерінен шыққанын атап, алдағы сайлауда белсенді түрде қатысып еліміздегі бас партияның атынан түсіп отырған тұлғаның кандидатурасын толықтай қолдайтындықтарын жеткізді.
Пікір қалдыру