«Самұрық-Қазына» Әл-ауқат қоры Арыста 68 ғимаратты қалпына келтірді

«Самұрық-Қазына» Әл-ауқат қоры Арыс қаласындағы 68 нысанды қалпына келтіруге қол ұшын созып, 53 білім беру нысаны, 8 денсаулық сақтау, 4 спорт, 3 қоғамдық орын нысандарын толық жөндеуден өткізді. 16 мектеп жаңа жиһазбен қамтамасыз етілді. Бүгінде 64 нысан ел игілігіне берілді. Тағы 4 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Түркістан қаласындағы 7 әлеуметтік жоба да қор қолдауында. Олардың құрылысымен танысқан «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы, Оқушылар сарайы, 7000 орындық стадион, Конгресс орталығы, Қ.А.Ясауи мұражайы мен амфитеатрда болды.

Ахметжан Есімов пен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Оған Түркістан облысын газдандыру, энергетика кешені мен электрондық сауда мен пошта желісін дамыту, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, Smart City дамыту және облыста әлеуметтік нысандарды салу сияқты 9 бағыт кіреді. Жоба ақылды қала (Smart City) Арыс және Түркістан қалаларын сервистік үлгі бойынша дамытуға арналған. Осы бағдарлама аясында Қор Түркістан облысындағы 97 мектеп пен ауруханаға дейін талшықты-оптиалық байланыс желісін және радиожелілерді салуды және Арыс қаласындағы 12 мектепте, 2 ауруханада, 2 балабақшада 400 бейнебақылау камераларын және 50 WiFi нүктесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, өңірдегі энергетикалық кешеннің даму тақырыбы сөз болды. Жақын уақытта қуаты 220кВ жаңа қосалқы станцияның құрылысы жүзеге аспақ, оған кернеуі 110 кВ жергілікті тарату электр желісі қосылатын болады.

«Бұл дайындалған меморандум алдағы уақытта өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқатын көтеруге өз септігін тигізеді деп сенеміз», – деп атап өтті Өмірзақ Шөкеев.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*