Үйлестіру кеңесі отырысы өтті

«Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Бекжановтың басшылығымен салалық кәсіподақтары аумақтық құрылымдары өкілдерінің кезектен тыс Үйлестіру кеңесі отырысы өтті. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығы аясында профилактикалық мәселелер егжей-тегжейлі талқыланып, салалық кәсіподақ басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Атап айтсақ, YNTYMAQ» салалық кәсіподақ орта және шағын бизнес саласы жұмыскерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы Б.Әлтеев пен Түркістан облысының автомобиль көлігі және жол мекемелері жергілікті кәсіподағының төрағасы А.Маметовке қоғамдық көліктер мен мекемелерде санитарлық жұмыстардың жүргізілуі және оны бақылауға алу тапсырылды. Бұдан бөлек, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент қалалық филиалы төрағасы Ерқозы Батырбековке қаламыздың дәрігерлерімен тәулік бойы тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, мән-жайды баяндау жүктелді. Салалық кәсіподақ басшыларына өз ардагерлеріне қолдау көрсетіп, санитарлық-гигиеналық заттар және дәрі-дәрмектермен көмек көрсету туралы өтініш айтылды. Сонымен қатар, Берік Айдарбекұлы еңбек адамдары бірлігінің ұйытқысы болған бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс істеп, демалысқа шыққан еңбеккерлердің жалақылары уақтылы беріліп, еңбек құқықтары қорғалуын назарда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ, бүгіннен бастап, жұмыс барысындағы мәселер мен жағдайлар онлайн режимде жүргізілетінін ескертті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*