ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «COVID-19» ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 11 ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Шымкент қаласында «COVID-19» инфекциясы 11 азаматтан анықталды- деп хабарладйы «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.

Өкінішке орай, дертке шалдыққан азаматтар 1966 жылғы коронавирус инфекциясы анықталған науқаспен қарым-қатынаста болған. Айта кету қажет инфекция жұқтырғандар – 1983 ж, 1987 ж, 1990 ж, 1988 ж, 1973 ж, 1993 ж, 1994 ж, 1997 ж, 1976 ж, 1995 жылғы азаматтар. Нақтырақ айтар болсақ, оның ішінде сегіз — ер кісі, екеуі әйел бар.

Сонымен қатар, бір азамат — 1984 жылғы Шымкент қаласының тұрғыны. Науқас ЖРВИ-мен ауырып, жедел жәрдем қызметімен жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілгенін де айта кеткен жөн..

Қазіргі таңда ол науқастардан ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен «COVID-19» диагнозы нақтыланып отыр. Бүгінгі күні  науқастардың жағдайлары қанағаттандырарлық. Бекітілген хаттама сәйкес, тиісті ем жүргізіліп жатыр. Науқастармен қарым қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынған.  Осы уақытта ауру ошақтарында дизенфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Айта кету қажет, 21 сәуірдегі жағдай бойынша қалада COVID-19 инфекциясын жұқтырған 103 адам анықталып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*