Шымкентте тағы алты адам короновирус жұқтырған

Шымкент қаласында 6 мамыр күні тағы да 6 адамнан короновирус инфекциясы  анықталды. (06.05.2020 жылғы сағат 14:00 — дегі мәлімет бойынша). Олардың арасында 18 жасар бойжеткен мен 31 жастағы ер адам жақында шет елден келгені белгілі болды. 1989 жылы туған ер адам да, 2002 жылы туған қыз бала да карантиндік стационарға алынып,  оқшауланған болатын. Алынған сынамалар нәтижесі бүгінбелгілі боп, короновирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған.

Атырау облысынан вахталық жұмыстан келген 1983, 1984, 1987 жылы туған ер азаматтар және Шымкент қаласында тұратын 1976 жылы туылған азаматша да өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіліп жатыр.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 222 адам.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*