Қазақстан Республикасының Президенті Қасым -Жомарт Кемелұлы. Тоқаев Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойды. Шынтуайтында, бұл жағымды жаңалық болды.
Жаңа қабылданған Заңның жобасын қаланың ардагерлері өзара талқыға салып, ұсыныс-пікірлерімізді білдірген едік. Бұл Заңның басты мақсаты — соғыс ардагерлеріне деген әлеуметтік қолдау шараларын күшейту. Ұлы Отан Соғысына қатысқан, басқа да әскери іс-қимылға қатысушы ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне, сонымен қатар тиісті заңмен қамтылған адамдардың басқа санаттағы ардагерлеріне деген үлкен құрмет деп білдім.
Сондай-ақ, мемлекет тарапынан 2020 жылы Қазақстандағы ардагерлерді осы аталған шаралармен 180 мың адамға дейін қамту көзделіпті. Қолданысқа жаңа енген бұл Заңнан ардагерлердің үміті орасан, сенімдерін ақтайтынына шүбә келтірмейміз! Қазыналы еліміздің қарттарына жағдайы жасалып тұрса, елдің заңына күмәнмен қарамаса, көңілдерінің тоқтығы. Ұрпақ болашағының жарқын болары анық
Ғалымжан Майқанов, Шымкент қалалық «Ауғанстан және жергілікті соғыс одағы» қоғамдық ұйымының төрағасы.
Пікір қалдыру