Шымкент: Шегірткеге қарсы күрес жұмыстары жүріп жатыр

Шымкент қаласында шегіртке секілді зиянкестерге қарсы күрес жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Сондай ақ биыл еліміздің үшінші мегаполисінде үйірлі шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық күрес шаралары 1 810 гектарға жүргізіледі деп жоспарланған. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,5 есеге артық. Атап айтқанда, Абай ауданы  бойынша 680 га, Әл-Фараби ауданы бойынша 100 га, Еңбекші ауданы бойынша 400 га, Қаратау ауданы аумағында 630 га құрап отыр.
Зиянкестермен күреске 5,5 миллион теңгеге жуық қаржы қарастырылып отыр. Тиісті өңдеу жұмыстарын мердігер «Аккозов Б.Ж.» ЖК жүргізіп жатыр.

«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі қалалық филиалы мен қалалық аумақтық инспекциясы өзара бірлесіп алдын ала егістік алқаптарда анықтау-зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша 600 гектар алқапқа аспалы және тіркемелі бүріккіштермен химиялық өңдеу жасалды. Зиянкестерге қарсы күрес жұмыстарының барысында заманауи техникалар қолданылып жатыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*