Шымкентте залалсыздандыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын залалсыздандыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Қала аумағында коронавирус инфекциясына қарсы дезинфекциялау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Мәселен, Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй бар. Аталған ауданның аумағында 2244 кіреберіс пен 400 ойын алаңдары бар. Қазіргі таңда көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын және кіреберістері мен көшелер толық індетке қарсы залалсыздандырылды. Бұл туралы әл-фараби ауданы әкімінің аппаратының қызметкерлері мәлімдеді. Қала тұрғындары да үздіксіз жүргізіліп жатқан залалсыздандыру жұмыстарының барысына риза екендіктерін білдіруде.

Әлемдік пандемияға байланысты Шымкент қаласында енгізілген карантин кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қатаң қадағалануда. Короновирус инфекциясының алдын алу мақсатында Шымкент қаласында дизенфекциялау жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстарға жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен бірге қорғаушы костюм және арнайы құралдармен толық қамтамасыз етілген. Еліміздің үшінші мегаполисінде бұл жұмыстар, яғни залалсыздандыру күн сайын жалғасады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*