Шымкент: Төрт жолайрықтың құрылысы жоспарлануда

 

Қалада қоғамдық көлік саласының жұмысын жақсарту мақсатында бағыттар желісі жаңартылып, жолаушылар көлігін дамытудың кешенді сызбанұсқасы әзірленуде. Биыл жыл соңына дейін Шымкентке 590 жаңа автобус әкелінеді.Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Абай Тұрханов мәлімдеді.

Бүгінде қаланың шалғай шағынаудандарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 28 әлеуметтік маршруттар қызмет көрсетуде.
Қала аумағында жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасын «CityTransportationSystems Transport» (Астана LRT) ЖШС жүзеге асырады. Қоғамдық көлікті жан-жақты модернизациялау, қоршаған ортаны қорғау, жолаушыларды тасымалдау қызметін жақсарту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

– Бірыңғай оператор болып анықталған «БРК-Лизинг» АҚ-мен түзілген шартқа сәйкес, 2020 жылы сыйымдылығы үлкен, сығымдалған табиғи газбен (метан) жүретін 590 жаңа автобусты қаржылық лизингке алу көзделуде. Бүгінгі күні 70 автобус жеткізілді. Қалған автобустар қыркүйек, қазан айларында келеді. Қала жолдарында көлік кептелістерін болдырмау мақсатында, 4 жолайрықтың құрылысын жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде: Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық 2020 жылдың жергілікті бюджетіне енгізілді (жалпы құны 7 014,0 млн. тг., 2020 жылға – 50,0 млн. тг.). Оған қоса Бәйдібек би – Арғынбеков –А.Назарбеков – Н.Назарбаев даңғылдары қиылысындағы жолайрықтың 1-кезеңінің ЖСҚ-сы әзірленіп, қала бюджетіне енгізілді (құны 11,4 млрд.тг., 2020 жылға – 50,0 млн.тг.). Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*