Шымкент: Мамандар су қоймалары мен канал жағаларында абай болуға шақырады

 

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына қарасты «Текесу» мен «Ақжар» су қоймалары және канал жағалауларында орналасқан тұрғын алаптарының тұрғындарын және қала қонақтарын, балалар лагерлерінің, демалу орындарының жұмыскерлерін, мекемелердің жетекшілерін шомылу мерзімі қарсаңында өздеріне және балаларына ерекше қамқорлық танытуға шақырамыз!
Суда абай болыңыз, тәртіп ережесін қатаң орындаңыз! Бұл өкінішті оқиғаларға ұрынудан және туғандарыңыз бен жақындарыңызды қайғылы уайымнан сақтайды.

СУ ҚОЙМАЛАРЫ ЖӘНЕ КАНАЛ ЖАҒАЛАУЛАРЫНДА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
— Жүзе алмайтын болсаңыз, беліңізден жоғары болатын суға түспеңіз;
— Мас күйіңізде және тамақтанып алғаннан соң суға түспеңіз;
— Таныс емес жерлерде шомылмаңыз;
— Жағадан алысқа жүзіп кетпеңіз, Сіздің әліңіз жетпей, бақытсыздыққа душар болуыңыз мүмкін;
— Өз-өзіңізді бақылауды ұмытпаңыз;
— Су айдындарында бәске жүзбеңіз, суық суда көп бөгелмеңіз;
— Денеңіз жаурап қалғанша суда шомылмаңыз.
— Есіңізде ұстаңыз, суда көп бөгелген жағдайда дене қатты тоңазып,бұлшықеттер мен сіңірдің тартылып қалуы, тыныс алу уақытша тоқтауы, есінен айрылып қалуыңыз мүмкін. Сондықтан суда шомылу ұзақтығы 10-15 минуттан аспауы тиіс. Тексерілмеген су айдыны, терең шұңқырлар, күшті ағыс, лайлы жер — осының барлығы адам өліміне және жарақаттануға әкеліп соқтырады.

БАЛАЛАРДЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАҢЫЗДАР!
Оларға су қоймалары мен канал жағалауларында жалғыз жүруге рұқсат етпеңіз. Суда балалармен бірге демалып жатқан болсаңыз, әсіресе шомылу уақытында оларды жалғыз қалдырмаңыз. Таяз жерлерде де олармен бірге болыңыз. Суда серуендеуге арналмаған заттарды қолданудың алдын алыңыз. Ұқыпты болыңыз, көмек қажет болған балалардың жанынан өте шықпаңыз.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ, ӨЗІҢІЗ ЖӘНЕ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗ ҮШІН СУДА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАТАҢ САҚТАҢЫЗДАР!
ҚАУІПТІ ЖАҒДАЙ ТУЫНДАҒАНДА «112» СЫМТЕТІГІНЕ ҚОҢЫРАУ ШАЛЫҢЫЗ.

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*