Түркістан облысында карантин талаптарын бұзғандарға 42 млн теңге айыппұл салынды. Короновирус инфекциясының алдын алу мақсатында енгізілген карантин талаптарын бұзып тәртіпке бағынбағандар арасында 1 лауазымды тұлға, 3 заңды тұлға және 33 кәсіпкер бар. Облыс аумағында карантинде той толастар емес. Мәселен, бір ғана Арыс қаласында 8 беташар және 1 қыз ұзату тойы тоқтатылған. Сайрам, Қазығұрт, Төлеби, Келес, Сарыағаш аудандарында да мобильді топтардың араласуымен тойлар тоқтатылған.
Түркістан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық және қалалық басқарма мамандарымен бірлесіп карантин режимі кезінде қызметін жүзеге асыратын обьектілерге мониторингілеу жұмыстары жүргізілген. Мобильді топтар 5 шілде мен 3 тамыз аралығында 7061 нысанды аралап шыққан. Олардың арасында 1361 нысан карантин талаптарын бұзғаны анықталған.
«ҚР ӘҚБ Кодексінің 425 бабының 1 тармағымен жеке тұлғаларға-732 30 АЕК көлемінде, 33 жеке кәсіпкерге хаттама, 3 заңды тұлғаға , 1 лауазымды тұлғаға хаттамалар толтырылып 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Жалпы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 769 хаттама толтырылып, 42 322 830 теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 26 784 75 теңгесі өндірілді. Егер 7 күн ішінде айыппұлды өтейтін болса 50% төленеді,»- деп мәлімдеді Түркістан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Садықбекұлы Нышанов.
«Облыс аумағында карантин режимі кезінде тұрғындардың арасында маска кию режимі сақталмауы, нысандарда қызметкерлер маска кию режимін және бір рет пайдаланатын қолғапсыз қызмет көрсетілуі, нысандарда антисептигі бар санитайзерлер орнатылмаған және күнделікті дезинфекциялық залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмеуі жиі кездеседі,»- деп мәлімдеді Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Ф
Пікір қалдыру