ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ БАСҚАРМА ЕСЕБІН ҚАБЫЛДАМАДЫ

Отырыс барысында AMANAT партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасындағы Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына қатысты тармақтар мен көрсеткіштердің орындалуы және осы саладағы күрделі мәселелер талқыланды.
Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Ердембековтің есебі кеңес мүшелері тарапынан қызу талқыға түсіп, кеңес мүшелері тарапынан берілген сауалдарға жауап бере алмады. Нәтижесінде партиялық бақылау комиссиясының мүшелері басқарманың есебін қабылдамай тастады.
Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, қалалық филиалдың Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Қожамжарова Дариякүл Пернешқызы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*