ШЫМКЕНТТЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты ретінде қаламызға келетін түрлі инвистициялық жобаларды бақылап отырамын.

Бүгінгі өткен Үкімет отырысында Шымкент әкімі М.Әйтенов қалада жүзеге асыралатын ірі инвестициялық жобаларды атады.

✔️ «KAZALPACK» компаниясы биыл құны 23,4 млрд. теңгені құрайтын алюмин банкілерінің өндірісі жобасын іске қосып, 150 жаңа жұмыс орны құрылды. Қосымша 2023-2025 жылдары алюмин тақталары мен листтер өндірісі жобасы іске асырады. Инвестиция көлемі 40 млрд. теңге, 350 жаңа жұмыс орны құрылады.

✔️ «Karlskrona» компаниясы құны 26 млрд. теңгені құрайтын гидравликалық насостар өндірісі жобасын жүзеге асырады. Онда 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

✔️ Өзбекстандық инвестордың қатысуымен «Orient Ceramic» компаниясы құны 13 млрд. теңгеге керамикалық тақталар өндірісі жобасын жүзеге асыруды жоспарлауда. 300-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылады.

✔️ 1 000 орындық көпфункционалды университеттік клиника мен заманауи емхана жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Инвестиция көлемі 120 млрд.теңге, 3 мыңға жуық жұмыс орны. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары аяқталып, сараптамадан өтуде.

✔️ «Asia Trafo» компаниясының құны 7 млрд. теңгені құрайтын трансформатор өндірісі. Жоба аясында Орталық Азияда теңдесі жоқ жоғары кернеулі реакторлар шығарылады.

 

Аталған жобалар іске асып, өз нәтижесін беріп жатса, шаһарымыздың экономикалық әлеуеті одан сайын арта түсері анық. Кеген түрлі жобаларды нақтылып, керегін алып, пайдалана білу керек.

Бақыт Қыдырбаев

Шымкент қаласы мәслихатындағы

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*