Шымкентте «СТАНДАРТ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫ САЛЫНУДА

Ел Президенті шағын және орта бизнестің жалпы өнімдегі үлесін 2025 жылға қарай 35 пайызға көбейтуді тапсырған болатын. Осы мақсатта Шымкент қаласында «Стандарт» жеке индустриалды аймағы салынуда. Қала әкімі аталмыш аймаққа барып, құрылыс жұмыстарымен танысты. «AMANAT»  партиясының 2021-2025  жылдардағы сайлауалды бағдарламасындағы негізгі тармақтарында осы кәсіпорындардың, индустриалды аймақтарды көбейту керектегі қарастырылған. Соның негізінде қаламызда кәсіпорындардың көбейюі қуантады.

Мұнда шағын және орта бизнес субъектілері шоғырландырылады. Аумағы 118 гектарды құрайтын жеке индустриялық аймақта 176 мың ш.м дайын өндірістік алаңдар, оның ішінде 64 мың ш.м қойма алаңдарын салу жоспарланып отыр. 30 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба жүзеге асқанда 3 мың адамға жаңа жұмыс орны ашылмақ. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға дейін 3 кезең бойынша жүргізіледі.

М.Әйтенов тиісті сала басшыларына инженерлік- инфрақұрылыммен қамту жұмыстарының кешіктірілмеуін назарға алып, жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды.

 

Бақыт Қыдырбаев

Шымкент қаласы мәслихатындағы

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*