«TALQYLAU» сарапшылары: бір реттік жеті жылдық мерзім – демократияландырудың жаңа элементі

«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында «TALQYLAU» диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Сараптамалық талқылау тақырыбы: «Жолдау 2022: саяси реформалардың жалғасы».

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов бір реттік президенттік мерзім туралы бастама суперпрезиденттік модельден түпкілікті кету бойынша бұған дейінгі қадамдардың қисынды жалғасы екенін атап өтті.

Мәжілістегі «AMANAT» партиясының депутаты Ерлан Саиров қоғамның Жолдауды белсенді талқылауы ұлттық тұтастықтың нығаюына ықпал етеді деп санайды.

Өз кезегінде, қоғам қайраткері Ғалым Байтоқ Президент кезектен тыс сайлау жариялау арқылы батыл қадам жасап отырғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, «TALQYLAU» диалог алаңын құру бастамасы «AMANAT» партиясының 1 наурызда өткен кезектен тыс Съезінде партиялық трансформация бағдарламасы тармақтарының бірі ретінде көтерілген болатын. Алаңда сарапшылар, депутаттар, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді шешу жөніде ұсыныстар әзірлеу үшін тұрақты түрде кездесіп отырады.

Бақыт Қыдырбаев

Шымкент қаласы мәслихатындағы

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*